Қазақстан Иранмен туризм саласын дамытуға әзірлігін білдірді
Ирандағы Қазақстан елшісінің орынбасары екі ел арасында туристермен алмасуды сұрады.
Ирандағы Қазақстан елшісінің орынбасары Нұржан Абдуллаев: "ИИР-ның президенті "Табриз 2018" шарасының ашылу рәсімінде мұсылман елдері арасында туристермен алмасуды арттыру қажеттігін қуаттағандай Қазақстан үкіметі де осы істі жүзеге асырып, өз азаматтарына Иран мен Табриздің көрікті жерлерін таныстыруға мүдделі",- деді.
Нұржан Абдуллаев Табризді көркем, ауа-райы таза, әдемі жерлерге бай қала деп сипаттап: "Қазақстандықтардың осы көркем әрі тарихи қаланы келіп көруі үшін талпыныс жасалады.
Иран мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жою турститермен алмасуды жеңілдетіп, Иранға келетін қазақстандықтардың санын арттырады. Бұл істі үстіміздегі жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр",- деді.
Табризді 2018 жылдағы мұсылман елдерінің туристік астанасы ретінде бекіткен халықаралық деңгейдегі салтанатты рәсім сәрсенбі күні Иран президенті Хасан Рухани мен бір топ елшілер мен аймақ елдерінің Туризм министрлерінің қатысуымен өтті.
2018 жылы мұсылман елдерінің туристік астанасы ретінде таңдалған Табриз табиғи және тарихи көрікті мекендері мен қолөнер бұйымдарына бай тарихи қала саналады.