Солтүстік Кореяның басшысы екі Корея басшылары келіссөздері нәтижелерінің пайдалы болатындығына үміт білдірді
Солтүстік Кореяның басшысы екі Корея басшылары отырысының басында сөйлеген сөзінде екі ел басшыларының келіссөздері нәтижелерінің пайдалы әрі сындарлы болатындығына үміт білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ким Чен Ын жұма күні Пханмунджом шекаралық ауылында екі Корея басшылары келіссөздері өтетін жерде отырыс алдында сөйлеген сөзінде отырыста аймақтағы соңғы өзгерістер, әлемдік мәселелер, Корей түбегіндегі ядролық мәселелерді шешу тақырыптары талқыланып, пікір алмасу өткенін айтты.
Мун Чже Ин Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынмен кездесудің Корей түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізетіндігіне үміт білдірді.
Екі Корея басшыларының отырысы жұма күні таңертең Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның қатысуымен «Бейбітшілік үйі» деп аталатын Пханмунджом шекаралық ауылында өтті.
Екі Корея басшыларының сұхбаты аймақты ядролық қарудан тазарту және тұрақты бейбітшілік пен әл-ауқатты кепілдендіру жайында болды.
Ким Чен Ынның қасында бұл кездесуде Солтүстік Кореяның 9 лауазымды тұлғасы, соның ішінде оның апайы Ким Е Чжон мен осы елдің екінші адамы Ким Янг Нам болды.