Трамп: «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасы – ең нашар келісім
АҚШ Президенті сенбі күні кешке осы елдің Мичиган штатындағы өз жақтастарының ортасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ең нашар келісім екенін тағы да қайталады.
Дональд Трамп ядролық келісімнің тек Иранның мүдделерін қамтамасыз ететінін айтып, Вашингтонның мүдделерін ескеру үшін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы баптарына өзгеріс енгізілуін қалайтынын білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Мичиганда, сондай-ақ Вашингтонның алдағы 3 ай барысында өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіретінін айтқан.
Трамп 2017 жылдың 6 желтоқсанында аймақ пен әлемде ауқымды қарсылықтардың болғанына қарамастан «Вашингтон Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде таниды» деп жариялады. Трамп, сондай-ақ, АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінен осы елдің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге дайындық жасауды сұрады.