Арменияның оппозиция басшысы жанжал тудыратын уәж айтты
Армения үкіметі қарсыластарының басшысы өзі Премьер-министр болғанша наразылықтар жалғасады деп мәлімдеді.
Армения үкіметі қарсыластарының басшысы Никол Пашинян Ереванда наразылардың ортасында өзі Премьер-министр ретінде сайланғанға дейін наразылықтардың жалғасатынын айтты. Ол Арменияның уақытша Премьер-министрі Карен Карапетянның отставкаға кетуін қуаттап, кері жағдайда мезгілінен тыс өтетін парламенттік сайлауға бойкот жариялайтынын ескертіп:
"Алдағы екі күнде Арменияның наразылықтары Ереваннан елдің басқа қаларына, атап айтқанда Гюмри мен Ванадзор қалаларына жетуі мүмкін",- деді.
Осыдан бірнеше күн бұрын Серж Саргсян отставкаға кеткен соң Карен Карапетян Арменияның уақытша Премьер-министрі болып сайланды.
Пашинян сондай-ақ, қарсыластардың үкіметтік ғимараттарды қоршауға алуы мүмкін екендігін және наразылардың қалауы бойынша, ол Премьер-министр болып бекітілмесе, алдағы сайлауға бойкот жариялайтынын айтып қоқан-лоққы жасады.