Путин Нетаньяхуге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау керектігін қуаттады
Кремль сейсенбі күні таңертең Ресей Президенті Владимир Путин мен сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың телефон арқылы Иран мен "алтылық" тобының ядролық мәселеге қатысты келісімі туралы сөйлескендерін хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Путин телефон арқылы сұхбатта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақталу қажеттілігін қуаттап, бұл халықаралық келісімнің әлемнің тұрақтылығын сақтау үшін қажет екендігін баса айтты. Телефон арқылы сұхбат Нетаньяхудың ИИР-на қарсы жарнамалық әрекетінен кейін орын алды.
Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини дүйсенбі күні кешке Бениамин Нетаньяхудың Иранға қарсы жаңа әрекетіне реакция білдіріп: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы кезге дейін 10 есебінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін растады. Нетаньяху Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғаны туралы ешбір құжат ұсынбады",- деді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс те сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Иранды ядролық қару шығаруды көздейтін жасырын бағдарламаға ие деп айыптап: "Вашингтон Нетаньяхудың жариялаған мәліметтерін нақты тексереді",- деді.