Иран лаңкестікпен күресте халықаралық серіктестіктерді кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР-ның СІМ-нің халықаралық және құқықтық істер бойынша орынбасары Ғоламхосейн Деһғани лаңкестікті тамырымен жою үшін шынайы саяси ерік-жігерге ие халықаралық серіктестіктердің, аймақтық келісімдер мен механизмдердің қажеттігін мәлімдеді.
IRNА-ның сенбі күнгі мәліметіне сәйкес ИИР СІМ-нің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Тәжікстанның астанасында өткен «Лаңкестік және әсірешілдікпен күрес» деген халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде: «Соңғы он бес жылда әлемде қауіпсіздік саласындағы бейберекеттік жағдайды қалыптастырған кейбір елдердің әскери авантюризмін доғару керек. Палестинаны 70 жыл бойы басып алу – халықаралық қауымдастықтардың күн тәртібіне байсалды түрде қойылуы керек тақырып» деді.
Деһғани отырыста «лаңкестік» пен «әсірешілдік» деген екі сұм құбылыстың тамырларына тоқталып, әртүрлі елдер арасында жеккөрініштің кеңюіне себеп болған тәкфірлік идеологияға көңіл аудару қажеттігін, сонымен қатар шетелдік басқыншылық пен жаулап алушылықты, әсіресе Палестинаны жаулап алуды тоқтату қажеттігін қуаттады.