Еуропа елдері Иранға марихуананың ең ірі экспорттаушысы саналады
"Гүл" деп аталатын жаңа қауіпті есірткі заты Иран кеден қызметінің ашқан негізгі жаңалықтарының біріне айналған.
Психиатрлардың айтуынша, "гүл" есірткі заты кенепшөп, яғни каннабис өсімдігінің түрлі бөліктерінен жасалатын өзгертілген марихуана саналады. Бүгінгі таңда түрлі атаулармен белгілі марихуананың "гүл" деп аталатын медициналық түрі Иран нарығына жол тапқан. Құрамында кем дегенде 24 пайыз есірткі заты мен химиялық заттар бар бұл өсімдіктің тұтынушының бойында тәуелділік тудыратын әсері бар.
Иран Кеден қызметінің Есірткі заттарымен күрес бөлімі басшысының орынбасары Нематолла Мумвандидің айтуынша, Еуропа елдері Иранға марихуананың ең ірі экспорттаушысы саналады. Иранның ресми наразылықтарына қарамастан, Еуропа қазірге дейін мұнымен күресу үшін ешбір шара қолданбаған. Өткен жылдың қаңтар айында Иран СІМ еуропалық басшыларға Еуропа одағының "гүл" есірткі затын экспорттауға қатысты алғашқы наразылығын білдірді. Иран Ауғанстан арқылы жүзеге асатын есірткі заттарының контрабандасымен күресу үшін айтарлықтай талпыныс жасап, көптеген шараны жүзеге асырды. Шын мәнінде, Иран бұл бүлдіргі әрі ажалды құбылыстың сұм салдарымен күресуге қажет қаржыны жалғыз өзі төлеп отыр.
Иранның осы есірткі затының контрабандасымен күресу үшін Еуропа елдерінен күтетін маңызды әрекеті ресми түрдегі халықаралық әріптестік пен Интерполдың талпынысы саналады.
Осы салада анықталған есірткі заттары туралы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы "гүл" есірткі затының Иранға пошта пакеттері арқылы жіберілген 204-ке жуық жайт тіркелген. Бұл айтарлықтай үлкен көрсеткіш саналады.
Еуропа елдері, атап айтқанда Ауғанстандағы апиын өсіруді тамырымен жою ісіне жауапты Ұлыбритания бұл салада ықпалды шара қолданбауымен қатар, бұл есірткінің басқа мемлекеттерге тасымалдануына атсалысып отыр. Есірткі заттарын өсімдік негізінде және химиялық зат қосылған жаңа құраммен шығару соңғы кезде қатты етек жайды. Оның етек жаюының себебі осы есірткі түрін сатудан түсіп отырған қыруар пайда болып табылады. Бұл заттар психоделикалық қасиеттерге. Олардың бір түрі тіпті негізгі есірткі түрінен бірнеше есе әсерлі болуы мүмкін. Зерттеу жұмыстары "ауғандық куш" деп аталатын кенепшөптің Ауғанстаннан АҚШ-қа тасымалданғанын көрсетіп отыр. Бұл жағдай "гүл" атты жаңа есірткі затының пайда болуына бастау берген.
Зерттеуші әрі нашақорлықтан емдеу жөніндегі маман Мұхаммад Реза Язданниаз былай дейді: "Ауғандық кушты пайдаланып, марихуананың жаңа түрі өсіріліп шығарылды. Ол дәстүрлі марихуанадан бөлек қасиеттерге ие. Ол "медициналық марихуана" деп аталды. Бұл есірткі заты адамның бойында қатты тәуелділік пен құмарлық тудырады, ал адамның миы мен психикасына әсер ету тұрғысынан бұл өте қауіпті зат болып табылады".
"Гүл" есірткі затының ұзақ мерзім аралығында тұтыну кезіндегі жанама әсерлерін білмеу және әлемдік деңгейдегі зерттеулердің тапшылығымен қоса "гүл" есірткі түріне деген тәуелділікті емделмейтін тәуелділіктердің қатарына қосуға себеп болды.
Иран Ауғанстаннан бастау алатын есірткі заттарының контрабандасымен күресудегі алдыңғы шепте орналасқан ел ретінде көптеген талпыныс жасап, осы есірткі заттарының Еуропа мен басқа елдерге таралуына тосқауыл болып жатыр. Алайда қазіргі таңда бұл ажалды құбылыстың қайнар көзі Еуропа саналады. "Гүл" деп аталатын есірткі заты Еуропадан Иранға енді. Сол себепті Еуропа осы салада өзінің құқықтық және халықаралық жауапкершіліктеріне сай әрекет етуі тиіс.