Франция Башар Асадты биліктен тайдыру мақсатынан кейін шегінді
Ресейдегі Франция елшісі енді өз елінің Сирия президентінің қызметінен кетуін сұрауды доғаратынын мәлімдеді.
Rusiya Al-Yaum ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресейдегі Франция елшісі Сильви Берманн Сириядағы дағдарыстың шешілуінің алғышарты ретінде өз елінің президент Башар Асадтың қызметінен кетуін сұрауды тоқтатынын айтты.
Францияның елшісі сондай-ақ, Сирияның болашақ тағдырын барлық саяси топтардың қатысуымен диалог арқылы анықтау қажеттігін қуаттады.
АҚШ, Франция мен Сирияға қарсы одақтас бірнеше мемлекет Сирияның заңды үкіметіне хабарламастан, лаңкестермен күресті сылтауратып, 2014 жылдан бастап БҰҰ-нан тыс әскери коалиция құрды. Бұл олардың өздері лаңкестік топтарды пайдалана отырып, Башар Асад үкіметін құлату жобасына дем берген жағдайда орын алып отыр.