Германия "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайды
(last modified Mon, 07 May 2018 09:20:21 GMT )
Maм 07, 2018 15:20 Asia/Almaty
  • Германия

Германия президенті Иранның ядролық келісімін сақтау қажеттігін қуаттады.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германия президенті Франк-Валтер Штайнмайер жексенбі күні Еуропа мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы Иранның ядролық келісімі, сауда-саттығы мен қорғаныстық мәселелеріне қатысты текетірестерге сілтеме жасап, Атлант мұхитының екі жағында орналасқан елдердің қатынастарында туындайтын өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп:

"Егер ядролық келісім тағы да сәтсіздікке ұшырайтын болса, Таяу Шығыс аймағында жаңа қару-жарақтық бәсекелестік басталады. Таяу Шығыс аймағы келесі бір қақтығысқа төзе алмайды",- деді.

Сонымен қатар Франция президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуына қатысты ескерту жасап, бұл әрекеттің Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздықтың туындауына соқтыратынын баса айтты.

Франция президенті Эммануэль Макрон жексенбі күні Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың бұл аймақтағы лаңкестікті күшейтетінін мәлімдеді.

 

 

 

Тегтер