Могерини: Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды
Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини Дональд Трамп АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялаған соң, Еуроодақтың аталмыш келісімге табанды әрі оның сақтап қалуға талпыныс жасайтынын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Федерика Могерине кеше Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімді 12 жылдық дипломатияның нәтижесі әрі бүкіл әлемге тиесілі екенін қуаттап, ИИР-ның басшыларынан бұл келісімге зардап келтіруге рұқсат бергізбеуді сұрады.
Еуроодақтың Сыртқы саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің тәуелсіздігі мен жұмысына толық сенімділік білдіріп: "Агенттік өзінің 10 мәлімдемесінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне табанды екенін қуаттады",- деді.
Могерини АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкция салу ықтималына алаңдаушылық білдіріп: "Еуроодақ еуропалық компаниялардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты инвестицияларын қолдайды",- деп мәлімдеді.