Зариф: Қытай мен Иранның қатынастары әрдайым жақсы болған
Иран СІМ: "ҚХР мен ИИР қатынастары әрдайым жақсы әрі оң болды. "Ортақ қадамнан" кейін өте жоғары сезімталдыққа ие болды",- деді.
IRNА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Бейжіңге келгенде ҚХР СІМ-нің Батыс Азия және Солтүстік Африка елдері істері жөніндегі департамент басшысы Данг Лимен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран СІМ мен ҚХР СІМ-нің Батыс Азия елдері істері жөніндегі бөлімнің басшысы екі елдің саяси-экономикалық қатынастарын баса айтып, "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтау және қорғау қажеттігін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф Иран халқының мүдделеріне кепілдік берілген жағдайда бұл келісімді жүзеге асыруды жалғастыру мүмкіндігін қарастыру мақсатында Қытай басшыларымен "Ортақ қадамға" қатысты кеңесіп, пікір алмасу үшін жексенбі күні таңертең ҚХР-на сапармен келді.
Иран СІМ ИИР президентінің нұсқауы бойынша Иран халқының мүдделеріне кепілдік берілген жағдайда келісімді жүзеге асыруды жалғастыру мүмкіндігін қарастыру мақсатында Еуропа және "Ортақ қадамның" басқа тараптарымен кеңесіп, пікір алмасу үшін сенбі күні кешке ҚХР, Ресей және Бельгияға бағытталған сапарын бастады.