Франция үкіметі Парижде орын алған лаңкестік шабуылға реакция білдірді
Парижде орын алған лаңкестік шабуылдың жалғасында Франция президенті мен премьер-министрі бұл шабуылдармен күресіп, олардың алдында берілмеу қажеттігін қуаттады.
Парижде орын алған лаңкестік шабуылдың жалғасында Франция президенті мен премьер-министрі бұл шабуылдармен күресіп, олардың алдында берілмеу қажеттігін қуаттады.
France 24 арнасының хабарлауы бойынша, Франция президенті Эммануэль Макрон сенбі күні кешке Парижде орын алған оқиғадан кейін Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Франция дұшпандардың алдында берілмейді", - деп жазды.
Франция премьер-министрі Эдуард Филипп: "Парижде тағы да лаңкестік шабуыл орын алды. Бірақ бұл ел лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы тұрады",- деді.
Париж Соты: "Сенбі күні кешке Франция астанасындағы Париж операсы алаңында жиналған халыққа бір адамның пышақпен шабуылдауы салдарынан бір адам қаза болып, төрт адам жарақат алды. Олардың екеуі ауыр халде жатыр",- деп мәлімдеді.
Шабуылдаушы Париж полициясы тарапынан өлтірілді, бірақ оның аты-жөні анықталмады.
ДАИШ лаңкестік тобы бұл шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды.