Ирандық өнертапқыштар – Малайзия турнирінің 10 түрлі түсті медалінің иегерлері
(last modified Sun, 13 May 2018 18:22:06 GMT )
Maм 14, 2018 00:22 Asia/Almaty
  • Ирандық өнертапқыштар – Малайзия турнирінің 10 түрлі түсті медалінің иегерлері

Ирандық жасөспірімдер мен жас өнертапқыштар Малайзиядағы халықаралық көрме мен сайыстарда 10 түрлі түсті медаль мен үш арнайы сыйлыққа ие болды.

Ирандық жасөспірімдер мен жас өнертапқыштар Малайзияда өткен 29-шы Халықаралық көрме мен сайыстарда екі алтын, екі күміс және алты қола медаль, мен арнайы үш сыйды иемденді. Ирандық  жасөспірімдер мен жас өнертапқыштар көлік, тасымалдау, электр және электроникалық жүйелер, қоршаған орта мен энергетика және үй заттары мен жеке бас гигиенасы салалары бойынша жетістіктерін ұсынды.

Малазиядағы 29-шы Халықаралық өнертабыстар көрмесі мамыр айының 10-12 арасында өтіп, оған 23 елдің мың өнертапқышы қатысты.