Франция мен Британия және Канада сионистердің Газадағы қылмыстарына реакция білдірді
(last modified Tue, 15 May 2018 07:32:24 GMT )
Maм 15, 2018 13:32 Asia/Almaty
  • Франция мен Британия және Канада сионистердің Газадағы қылмыстарына реакция білдірді

АҚШ елшілігінің Бейт әл-Мұқаддасқа ауыстырылуына наразылық білдірген палестиналық азаматтардың рақымсыз түрде қырылып-жойылуы Франция, Британия және Канада, сондай-ақ Еуроодақтың Сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілінің реакциясымен кезікті.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Франция Президенті Эммануэль Макронның кеңсесі мәлімдеме жариялап, алпысқа жуық палестиналықтың дүйсенбі күні Газада израильдік күштердің қолынан қырылуын айыптап, палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті.

Британия Премьер-министрінің кеңсесі де Газа халқының сионистік әскерилердің қолынан қырылуына реакция білдіріп: "Біз зорлық-зомбылық пен Газа секторының алпысқа жуық тұрғынының қырылуы туралы хабарларға алаңдап отырмыз",- деп жариялады.

Канада Сыртқы істер министрлігі де сионистік күштердің дүйсенбі күнгі палестиналықтарды қыруын ақтауға болмайтын әрекет деп атап, өз елінің палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтардың күшеюіне алаңдаушылық білдіретінін қуаттады.

Еуроодақтың Сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини де дүйсенбі күні сионистік режим әскерилерінің атыстары салдарынан Газа шекарасындағы палестиналықтардың қырылуынан кейін білдірген реакцияда Израильдің бейбіт наразылықтарды құрметтеуі керектігін баса айтты.