Зариф Могерини мен еуропалық үш мемлекеттің министрлерімен кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу міндетін жалғастырып, Франция, Германия және Британия елдеріндегі әріптестерімен, сондай-ақ, Еуроодақтың Сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілімен Брюссельде кездесіп, пікір алмасты.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф бес жақты отырыста "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жалғастыру жолы мен еуропалық тараптың Иранға кепілдік беруі туралы сөз қозғады.
Иран Сыртқы істер министрі журналистерге берген сұхбатта: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында Иранның экономикалық мүдделері айқын түрде баяндалған. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды қалғандардың Иранның мүдделерін қамтамасыз ете алатын, алмайтындығын көруіміз керек",- деді.
Еуроодақтың Сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі сейсенбі күнгі Брюссельде өткен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздерді оң бағалап, аталмыш келісімді сақтап қалуды көздейтінін қуаттады. Федерика Могерини отырысқа қатысушылардың АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына өкініш білдіргеніне тоқталып: "Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімнің еуропалық мемлекеттері оған табанды екендіктерін тағы қуаттады» деді. Могерини "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әлем мен аймақ қауіпсіздігі үшін өте маңызды келісім деп бағалады.