Теһран мен Баку ақпараттар технологиясы негізіндегі ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады
Бакудегі Иран елшісі мен Әзірбайжан республикасының Коммуникация және технология министрі байланыс және технология саласындағы қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады.
Әзірбайжан республикасындағы Иран елшісі Мохсен Пакаин дүйсенбі күні Бакуде осы елдің Коммуникация және технология министрі Рамин Гулизадемен кездесуінде Теһранның Бакумен байланысты кеңейту үшін әрдайым шынайы жігерге ие болғанын мәлімдеді.
Пакаин сондай- ақ екі жақты және аймақтық ынтымақтастықтарды кеңейтуді, жекеменшік бөлімдер арасында байланыс орнатуды, телерадио саласындағы байланыстарды күшейтіп, халықаралық, аймақтық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық пен әріптестік жасап, коммуникациялық қауіпсіздікті дамыту үшін бірлесіп талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.
Әзірбайжан республикасының Коммуникация және дамыған технологиялар министрі Рамин Гулизаде де осы кездесуде Әзірбайжан республикасының президенті Илхам Әлиевтің Иранға жасаған жауықтағы сапарын тілге тиек етіп: «Осы сапардан кейін ынтымақтастықтардың жаңа кезеңі басталады. Байланыс пен ақпараттар технологиясы саласындағы Иран мен Әзірбайжан республикасының бұрынғы келісімдерінде талқыланған тақырыптарды көбірек шынайылықпен қарастыруға талпыныс жасалады» деді.
Әзірбайжан республикасының президенті 2016 жылы 23- ші ақпанда саяси және экономикалық жоғары мәртебелі делегацияны бастап Теһранға сапармен келген болатын.