Ресей Думасының мүшесі Иранға қарсы Помпеоның сөзіне реакция білдірді
Ресей Думасының көрнекті мүшесі Сергей Железняк Иранның Таяу Шығыстағы тәуелсіз саясаты мен байсалды рөлінің Вашингтонның ашуын тудырғанын айтты.
Ол Американың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның дүйсенбі күнгі сөздеріне реакция білдіріп: «Вашингтонның Иранның талап етіп отырған үлкен тізім Американың саяси-экономикалық бопсалаудың бір түріне жүгініп отырғанын көрсетеді. Бұл халықаралық ережелер тұрғысынан әшкере арандатушылық әрі көпе-көрінеу қоқан-лоққы саналады» деді. Железняк Американың талаптарын қабылдауға келмейтінін қуаттап: «Вашингтон өзі «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шығуымен ядролық қару-жарақ таратуға тыйым салу туралы халықаралық ережені айқын түрде бұзып отырған жағдайда әлемде жанталаса қарулануды таратуға тыйым салу керек деген уәж айтады» деді.