Қытай мен Германия басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау керектігін қуаттады
(last modified Fri, 25 May 2018 12:28:20 GMT )
Maм 25, 2018 18:28 Asia/Almaty
  • Қытай мен Германия басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау керектігін қуаттады

Қытай басшысы мен Германия Канцлері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдап, сақтау қажеттігін қуаттады.

ИРНА ақпарат арансының мәліметі бойынша, Қытай басшысы Си Цзиньпин жұма күні Бейжіңде Германия Канцлері Ангела Меркельмен кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының халықаралық келісім екенін әрі оны сақтау қажеттігін қуаттады.

Германия Канцлері Ангела Меркель кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдаумен бірге Қытайды әлемдік қауымдастық пентың маңызды мүшесі және Германияның маңызды серіктесі деп атап: «Екі елдің қарым-қатынастары жаңа кезеңге аяқ басып, Германия жаңа мұрсатты пайдаланып, екіжақты сауда ынтымақтастықтары мен инвестицияны, сондай-ақ мәдени негіздерді нығайтуға талпыныс жасайды»,- деді.

Германия Канцлері Ангела Меркель бейсенбі күні Қытай Премьер-министрі Ли Кэцянмен кездесуінде Берлин мен Бейжіңнің АҚШ-тың шығуына қарамастан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.

 

Тегтер