"Ортақ қадам" келісімінің мүшелері ядролық келісімнің толық орындалуы қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 26 May 2018 09:22:44 GMT )
Maм 26, 2018 15:22 Asia/Almaty

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары жұма күні кешке Венада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы отырысының соңында жасаған мәлімдемеде: "Бұл бағдарламада қалған мүшелер осы отырыста ядролық келісімнің толық әрі үздіксіз орындалуы мақсатында өз міндеттемелеріне берік екенін қуаттап, Иранмен сауда-экономикалық байланыстарды қалыптандыру үшін ядролық бағдарламаға қатысты санкцияларды жоюды ядролық келісімнің негізгі бөлігі деп атады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хельга Шмидт мәлімдемеде: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мүшелері АҚШ-тың осы халықаралық келісімнен шыққаны мен Вашингтонның аталмыш келісім бойынша жойылған санкцияларды қайта салуына өкініш білдірді.

Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – ядролық қаруларды таратпауға бағытталған дүниежүзілік құрылымның негізгі бөлшектерінің бірі әрі маңызды дипломатиялық жетістік. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде №2231 қарармен бірауыздан бекітілді. Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мүшелері осы отырыста  АҚШ-тың санкцияларын қайта салу ықтималының салдарларын талдап,  алдағы бірнеше аптада Иранмен экономикалық қатынасты сақтап, тереңдету, мұнай мен мұнай өнімдерін сатуды және соған қатысты тасымал жұмысын  жалғастыру, Иранмен банкаралық қатынас, Иранмен теңіз, құрлық, әуе және темір жолдары тасымалын жалғастыру, экспортталатын тауарларды көбірек қамтамасыз ету, қаржы-экономикалық әріптестіктерді жеңілдету мақсатында қаржы, банк және сақтандыру салаларында арнайы желілер қалыптастыруға қатысты тақырыптардың шешім жолын табу үшін атқарылуы тиіс ортақ шараларды талқылады",-деп қуаттады.