Путин АҚШ-тың біржақты негізде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын сынады
РФ Президенті АҚШ басшысының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығу шешімін сынап, мұндай біржақты шаралардың сындарсыздығын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин жұма күні Санкт-Петербург қаласындағы Халықаралық экономикалық форумның жалпы жиналысында сөйлеген сөзінде: "Ортақ қадам" бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекітілген жан-жақты халықаралық құжат саналады.
Барлық тараптар тікелей сөйлесіп, ядролық келісімдегі мәселелердің шешім жолдарын табуы керек, өйткені АҚШ-тың бұл саладағы шарасы сындарсыз.
АҚШ-та 4 жылда бір рет президент сайланады. Егер төрт жыл сайын бір халықаралық құжат қайта қаралып немесе жойылатын болса, оның салдары текетірес тудыру болады",-деді.