Вашингтон Иранды діни азаттықты бұзды деп тағы айыптады
АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерінің жалғасында бұл елдің Мемлекеттік департаменті діни азаттық мәселесіне қатысты жылдық мәлімдемесінде Иранды діни азаттықты бұзды деп айыптады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті кеше сейсенбі күні жариялаған «2017 жылдағы діни азаттық» деп атаған жылдық мәлімдемесінде негізсіз айыптарын тағы қайталап, Иранды діни азаттықты бұзды деп айыптады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы мәлімдемесінде Иранның 1999-шы жылдан бері ерекше алаңдаушылық тудыратын мемлекеттердің тізімінде жүргенін еске салды. Бұл мәлімдеме 1998-ші жылы АҚШ Конгресі бекіткен "Мемлекеттердің діни азаттығы заңы" бойынша, жыл сайын сол елдің заң шығаратын органына тапсырылады.
ИИР бұдан бұрын АҚШ-тың «Діни азаттықтар» деп аталған мәлімдемелерін шындыққа сай емес және саяси мақсаттарда дайындалған деп сынаған болатын. Кейбір басқа мемлекеттер де бұл мәлімдеменің жариялануын сынап, оны АҚШ-тың басқа елдердің ішкі істеріне араласуы үшін сылтау деп атады.