АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Палестина қарсыласу қозғалысын айыптауда жеңіліс тапты
АҚШ-тың сионистік режимді қолдау және Палестинаның қарсыласу топтарын айыптау үшін ұсынған қарары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде күн тәртібіне қойылмады.
Кувейттің Палестина халқын қолдау туралы ұсынған қарары жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың ветосына ұшырағаннан кейін АҚШ Израильдің соғысқұмарлығын жақтап әрекет еткенімен, жеңіліс тапты.
Кувейт, Ресей мен Боливия елдері Палестина қарсыласу топтарының Газада Израильге қарай зымыран атуын айыптаған АҚШ қарарының жобасына теріс дауыс, 11 ел қалыс дауыс берді, сөйтіп АҚШ-тың сионистік режимді қолдаған қарары тиісті дауыс жинай алмады.
Бұдан бұрын Кувейт ұсынған қарарда сионистік режимнің палестиналық аудандарда жасап жатқан қылмыстарын тексеру және Палестина халқын қолдау қажеттігі айтылды. Оған АҚШ вето жариялап, іс оңға баспады.
Кувейттің БҰҰ-дағы өкілі Насер әл-Атиба осы елдің Палестина халқын қолдау туралы қарарына АҚШ вето жариялағаннан кейін «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өз міндеттерін атқарудағы қауқарсыздығы басып алынған Палестина жеріндегі жағдайды ушықтырып жатыр",-деді.