Мәскеу Американың Палестина туралы ұсыныс қарарын сынады
БҰҰ-ғы Ресейдің өкілі Американың Палестина жағдайы туралы ұсыныс қарарын Американың палестиналықтар мен Израиль арасына әділетсіз араласушылық деп атады.
«Новости» агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресейдің БҰҰ-ғы тұрақты өкілі Василий Небензя елінің Американың Палестина мәселесі туралы ұсыныс қарарына қарсылығының себебін Американың палестиналықтар мен Израиль арасындағы қақтығысқа әділетсіз араласушылығы деп атады.
Қауіпсіздік Кеңесіндегі Ресейдің елшісі Америкадан Палестина мен Израиль қақтығысына әділ қатынас көрсетіп, екі тараптың да мүдделерін назарға алуды сұрады. Небензя бұл құжатта Ресейдің Палестина мәселесіне қатысты принципті ұстанымдарымен сәйкеспейтін факторлардың назарға алынғанын, Американың палестиналықтар мен Израиль арасындағы қиындықтарды шешу мақсатында бейбітшілік келіссөздерін бастау үшін қажет жағдай қалыптастыруға өтініш жасаудан бойтаруына қатысты алаңдаушылықтардың бар екенін мәлімдеді.