Путин: Ресей Еуроодақпен ынтымақтастық жасауға мүдделі
Ресей Президенті «Ресей еуропалық билікқұмар партиялармен қарым-қатынас орнату арқылы еуропалық мемлекеттерде тұрақсыздық орнатуға талпыныс жасауда» деген мәлімдемелерді теріске шығарып: «Ресей еуропалықтармен әртүрлі салаларда ынтымақтастық жасағысы келеді»,- деді.
Ресей Президенті Австрия сапары қарсаңында: «Біз Еуроодақтың біртұтас әрі табысты болғанын қалаймыз. Өйткені, Еуроодақ біздің ең маңызды сауда және экономикалық серіктесіміз. Еуроодақтың қиындықтары артқан сайын біздің де қиындықтарымыз артады. Біз Еуроодақ мүшелерінің ешбіреуінде іріткі тудыруды көздемейміз»,- деді.
Путин Ресей мен Австрияның коалициялық үкіметі арасындағы 2016-шы жылғы ынтымақтастықтар келісімі туралы сұраққа: «Саяси партиялар кезінде ынтымақтастық салаларында кейбір басты мәселелер байқалуы мүмкін. Бізбен ашық түрде ынтымақтастық жасауды қалайтындармен ынтымақтастық жасауға талпынамыз»,- деп жауап берді.