Қытай Иранмен сауда ынтымақтастықтарын жалғастыратынын қуаттады
Маусым 05, 2018 19:58 Asia/Almaty
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы өз елінің ИИР-мен сауда және экономикалық ынтымақтастықтарына табанды қалатынын тағы қуаттады.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкция салуына қарсылық білдіріп: «Қытай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдап, ИИР-мен ынтымақтастықтарын жалғастырады. Бейжің мен Теһран сауда-және экономикалық қарым-қатынастарын бұрынғы деңгейде сақтап қалады»,- деді.
Тегтер