АҚХА Иранның жаңа ядролық бағдарламасына реакция білдірді
(last modified Wed, 06 Jun 2018 12:56:22 GMT )
Маусым 06, 2018 18:56 Asia/Almaty
  • АҚХА Иранның жаңа ядролық бағдарламасына реакция білдірді

АҚХА Иранның центрифугаларға қажет отын өндіру бағдарламасынан хабардар екенін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Иранның ресми хатын алып, Теһранның центрифугаларға қажет отын өндіру үшін көздеп отырған мерзімдік бағдарламасынан хабардар екенін мәлімдеді.

Осы мәлімдемеге сәйкес, хат маусымның төрті күні АҚХА басшыларының қолына жеткен. Онда Иранның центрифугаларға қажет отын, яғни уран өндіру үшін  көздеп отырған мерзімдік бағдарламасы айтылған.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің ақпарат өкілі Майя Косиянчич: "Иранның жариялаған бағдарламасы ядролық  келісімді бұзбайды.

АҚХА бұл міндеттемелердің орындалуын қадағалап отыр. Осы күнге дейін 11 есепте Иранның өз міндеттемелеріне берік екенін растады",-деп баса айтты.