Ұлыбритания Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 07 Jun 2018 11:11:28 GMT )
Маусым 07, 2018 17:11 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Сыртқы істер министрі

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі сионистік режим Премьер-министрімен кездесуінде Лондонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға берік екенін айтты.

Ұлыбритания СІМ хабарлауы бойынша, Борис Джонсон сәрсенбі күні Лондонда сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесуінде Ұлыбританияның Франция және Германиямен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға берік болып қалатынын жариялады.  

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, сионистік режимнің жуырда Газа секторында жасаған қылмыстарына алаңдаушылық білдіріп, Газада қанша мың палестиналықтың қаза болып, жараланғаны туралы тексеріс жүргізілу  қажеттігін қуаттап, сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауында қалашық салуды жалғастыруын Палестина жеріндегі дағдарыстың шешілмеуінің басты кедергілерінің бірі деп атады.