Наджафи: Сионистік режимнің ядролық бағдарламасы әлемдік бейбітшілікке төнген қауіп
(last modified Fri, 08 Jun 2018 15:47:50 GMT )
Маусым 08, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Наджафи: Сионистік режимнің ядролық бағдарламасы әлемдік бейбітшілікке төнген қауіп

ИИР-ның АҚХА-дегі тұрақты өкілі сионистік режимнің ядролық саладағы белсенділіктерін аймақ халықтары мен халықаралық қауымдастықтың негізгі алаңдаушылығы деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР-ның АҚХА-дегі тұрақты өкілі Реза Наджафи бейсенбі күні АҚХА басшылары кеңесінің маусымдық отырысының соңғы күні Батыс елдерінің сионистік режимнің ядролық саладағы белсенділіктеріне қатысты екіұшты саясаты мен әрекеттерін өткір сынап, бұл режиммен кез келген ынтымақтастық жасауға, ядролық шикізаттар мен құралдарды тасымалдауға толығымен тыйым салуды сұрады.

Иранның АҚХА-дегі өкілі халықаралық қауымдастықтың қайталама өтініштерін, Израильдің тез арада Ядролық қаруды таратпау жөніндегі (NPT) келісіміне қосылуына бағытталған АХҚА-нің қарарлары мен ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді қайта қарау жөніндегі конференцияны еске салып, барлық ядролық құрылғыларының АҚХА-нің толық бақылауына алынуы қажеттігіне тоқталып: "Өкінішке орай, сионистік режим өткен жылдары халықаралық қауымдастықтың заңды өтінішін елемей, кейбір елдердің қолдауы мен барлық халықаралық заңдар мен ережелерді ашық түрде бұзу арқылы өзінің әскери ядролық бағдарламасын ілгерілетуді жалғастырып келді",-деді.