Рухани: Иран экономикалық ынтымақтастықты аймақтық және халықаралық деңгейде кеңейтуге дайын
https://itolqyn.com/news/world-i37650
ИИР Президенті Иранның тәуелсіз әрі сенімді серіктес ретінде аймақтық және халықаралық деңгейде экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 10, 2018 14:18 Asia/Almaty

ИИР Президенті Иранның тәуелсіз әрі сенімді серіктес ретінде аймақтық және халықаралық деңгейде экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін мәлімдеді.

Хасан Рухани жексенбі күні Қытайдың Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының он сегізінші отырысында қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жақсырақ сақталған, қарқындырақ дамып келе жатқан аймақ үшін ұзақ мерзімді ортақ мүдделердің аймақтық деңгейдегі әріптестіктердің күн тәртібіндегі негізгі мәселе болуы тиістігін айтып: "Біржақты санкциялар заңды халықаралық сауда үдерісіне сызат түсіреді. Экономика мен саясат және құқық саласында біржақтылықты ұстану аймақтық интеграцияны әлсіретеді. АҚШ-тың өзінің саясаттарын басқаларға таңуға тырысуы – ұлғайып келе жатқан қатер. АҚШ-тың халықаралық көзқарасқа көңіл аудармай, біржақтылыққа салынуының соңғы үлгісі бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға шешім қабылдауы болды",-деді.

ИИР Президенті, сондай-ақ, терроризм, сепаратизм мен экстремизмнің әлемнің әртүрлі аймақтарына, әсіресе Орта Азия мен Таяу Шығысқа әсер еткенін айтып: "Лаңкестік топтар аймақ елдері арасындағы ақпараттық ваакумды теріс пайдаланып, желі құрып, жаңа күштерді тартумен айналысуда.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аймақтағы бірнеше қырлы түйткілдерге қатысты әралуан пайдалы шараларды белгіледі. ИИР осы ұйыммен терроризм, сепаратизм, экстремизм және есірткі контрабандасымен күрес саласында әріптестік жасауға дайын",-деді.