АҚШ президенті мен Солтүстік Кореяның басшысы кездесті
(last modified Tue, 12 Jun 2018 08:55:50 GMT )
Маусым 12, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • АҚШ президенті мен Солтүстік Кореяның басшысы кездесті

АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының екіжақты жеке отырысы аяқталған соң, екі жақ журналистердің қатысуынсыз, кеңейтілген құрамда, яғни дипломатиялық делегацияларының қатысуымен кездесті.

"Рейтерс" ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея  басшысы Ким Чен Ын жабық есіктердің артында өткен 41 минутқа созылған кездесуден кейін журналистермен кездесті.

Трамп екі жақтың ынтымақтастығының ойдағыдай болуына үміт білдірді. Ким Чен Ын бұрынғы қайшылықтарды қуаттап, бұл кезеңге жетудің оңай болмағанын айтты.

Кеңейтілген құрамдағы отырысқа АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшыс Майк Помпео, президент аппаратының басшысы Джон Келли, Американың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон, ал Солтүстік Корея тарапынан Ким Чен Ынның орынбасары Ким Йонг Чол, Сыртқы істер министрі  Ли Ён Хо, бұрынғы Сыртқы істер министрі Ли Су Ен қатысты.

АҚШ пен Солтүстік Корея өткен 65 жылда, 1950-1953 ж.ж. Корея түбегіндегі соғыстан кейін бір-бірін дұшпан санап келді.