АҚШ Ресейге тағы санкция салды
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің үш азаматы мен бес компаниясын санкцияларының тізіміне қосты.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің үш азаматы мен бес компаниясын санкция тізіміне қосып, Мәскеуді зардап келтіретін киберлік әрекет жасады деп айыптады. Бұл санкциялар "АҚШ-тың дұшпандарына санкциялар арқылы қарсы тұру" заңы бойынша іске асырылды.
АҚШ-тың Қаржы министрлігінің айтуы бойынша, бұл ұйымдардың бірі Ресейдің федералдық қауіпсіздік ұйымының бақылауында болып, оны материалдық және технологиялық қажет қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен. Басқа екі ұйым да Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметін қаржы және технологиямен қамтамасыз етеді деп айыпталуда. Жаңа санкциялар бойынша санкция салынған адамдардың мүлкі мен қаржылары Америкадағы сот аймағында оқшауланды.