Қытай мен Ресей ядролық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
https://itolqyn.com/news/world-i37722-Қытай_мен_Ресей_ядролық_ынтымақтастық_туралы_келісімге_қол_қойды
Қытай мен Ресей ядролық ынтымақтастық және ядролық технологиялармен алмасу туралы келісімге қол қойды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 12, 2018 20:46 Asia/Almaty
  • Қытай мен Ресей ядролық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қытай мен Ресей ядролық ынтымақтастық және ядролық технологиялармен алмасу туралы келісімге қол қойды.

Қытайдың Ұлттық ядролық компаниясы мен "Росатом" компаниясы бір келісімге қол қойды. Сол келісім бойынша Ресейдің 4 VVR1200 ядролық реакторы Қытайдың қарамағына беріледі.

Тараптар құны шамамен 3 млрд долларды құрайтын келісімге қол қойды. Соның негізінде ресейлік компания Қытайдың ядро саласындағы нарығына кіру мүмкіндігіне ие болады.

Қытайда жұмыс істеп тұрған атом электр стансаларының саны 2017 жылдың қараша айына дейін 37-ге жетті. 19 АЭС салынып жатыр. 19 станса салынғаннан кейін Қытайда ядролық отын арқылы электр қуатын өндіру көлемі 57 млн 500 мың кВт-қа жететін болады.