Канада Парламентінде Иранға қарсы жоба бекітілді
(last modified Wed, 13 Jun 2018 08:28:08 GMT )
Маусым 13, 2018 14:28 Asia/Almaty
  • Канада Парламентінде Иранға қарсы жоба бекітілді

Канаданың Қауымдар палатасы Иранмен қарым-қатынастарды жаңғыртпау туралы жоба бекітті.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сол шешім бойынша, Канада Иранмен екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастарды қайтадан бастауға қатысты барлық келіссөздерді тоқтатады. Канаданың ақпарат құралдарының көбі бұл жобаның бекітілуіне таңданыс білдірді. "Torontozan" газеті: "Дауыс беруден бұрын үкіметтің жақтаушылары бұл жобаға қарсылық білдіріп, оның алдын алады деген пікір болды",- деп жазды.

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо дауыс берген кезде жобаны қолдады.

"Torontozan" газеті Трюдоның әрекетін Оттаваның Теһранға қатысты саясатының толық өгеруінің белгісі деп атап: "Мұның саясаттағы өзгерістің қай түрі екенін түсіну қиын",- деп жазды.