Сирия бейбітшілік келіссөздерінің басталатын уақыты жарияланды
(last modified Tue, 05 Apr 2016 16:45:53 GMT )
Сәу 05, 2016 22:45 Asia/Almaty
  • Сирия бейбітшілік келіссөздерінің басталатын уақыты жарияланды

БҰҰ- ның ақпарат хатшысы Сириядағы бейбітшілікке қатысты келесі отырыстың сәуірдің он бірі күні Женевада басталатынын хабарлады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Фури бүгін сейсенбі күні берген сұхбатында: «БҰҰ- ның қадағалауымен өтетін Сириядағы бейбітшілік келіссөздерінің келесі отырысы сәуірдің 11 күні Женевада басталады. БҰҰ- ның Сирия ісі жөніндегі өкілі Стэффан де Мистура бейбітшілік жөніндегі осы келіссөздерді сириялық топтар арасында белгіленген уақытында, яғни сәуірдің 11 күні бастауды мақсат етіп отыр» деді.

Саяси қарсыластар мен тәкфірлік қарулы топтар өкілдерінің ауқымды коалициясынан құралған "Сұхбаттасудың жоғары комитеті" деп аталатын топтан сириялық қарсыластар сәуірдің оны күні Женеваға келуі тиіс.

БҰҰ- ның ақпарат хатшысы «Сәуірдің 11 күні өтетін келіссөздер "Сұхбаттасудың жоғары комитетімен" сөйлесумен басталады. Келіссөздерге қатысатын Дамаск делегациясы сәуірдің он төрті күні келеді, өйткені Сирияда сәуірдің он үші күні парламенттік сайлау өтеді. Осы делегацияның бес мүшесі алдағы сайлаулардың үміткерлері болып табылады» деді.