Але Хабиб: Құдсты басып алған режим жазасыз қалмауы керек
(last modified Thu, 14 Jun 2018 10:03:58 GMT )
Маусым 14, 2018 16:03 Asia/Almaty
  • Але Хабиб: Құдсты басып алған режим жазасыз қалмауы керек

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары халықаралық қауымдастықтың Палестина халқымен бірге болуы қажеттігін айтып, Құдсты басып алған режимнің өз қылмыстарын жалғастыратындай жазасыз қалмауы тиістігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясының төтенше отырысы Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб лигасы ұсынған "Израильдің басып алынған жерлердегі заңсыз әрекеттері және басқыншылықты жалғастыруы" атты қарарды дауысқа салу үшін өткізілді. Исхақ Але Хабиб сәрсенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында: "Әлем бұл қарарға оң дауыс берді, өйткені халықаралық қауымдастық Палестина халқының жанынан табылып, сионистік режимнің палестиналықтарды қырып-жоюын айыптауы керек.   

АҚШ осы қарарға қарсылық білдіру арқылы тағы да іс сионистік режимге қатысты болғанда халықаралық заңдар мен адам құқықтарының бірде-біріне берік емес екенін және тек осы режим туралы ойлайтынын көрсетті",-деді.

АҚШ пен сионистік режимнің қарсылықтары мен қысымдарына қарамастан, Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб лигасы ұсынған қарар БҰҰ Бас ассамблеясында 120 оң, 8 қарсы және 45 қалыс дауыспен бекітілді.