Ресей АҚШ-тың айыптауына реакция білдірді
(last modified Fri, 15 Jun 2018 04:20:32 GMT )
Маусым 15, 2018 10:20 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың айыптауына реакция білдірді

Ресей СІМ АҚШ-тың Ресейдің Дамаскке ұшақтың жағар майын жібергені туралы айыптауларына жауап қайтарды.

Ресей СІМ АҚШ-тың ресейлік «Совфрахт» компаниясына қарсы Сирияға ұшақ жағар майын жеткізгені туралы айыптауларына қатысты ресейлік копанияның Сирияға жеткізген ұшақ отынының Сирияда орналасқан ресейлік әуе күштеріне арналғанын мәлімдеді. Ресей СІМ өз мәлімдемесінде: "АҚШ ««Совфрахт» компаниясын Сирияны ұшақтың жағар майымен қамтамасыз етуде деп айыптауы арқылы өзінің қисынсыз саясатын тағы көрсетті",- деді.

АҚШ-тың Әділет министрлігі мұның алдында мәлімдеме жариялап, «Совфрахт» компаниясының бес ресейлік қызметкерін АҚШ-тың Дамаскке қарсы жазалау шараларынан айналып өтіп, Сирияны ұшақтың жағар майымен қамтамасыз етіп, АҚШ Қаржы министрлігінің рұқсатынсыз бұл елге қаржы ресурстарын жіберді деген айып тақты.

АҚШ-тың Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Вашингтон штатының Колумбия округінің соты ресейлік компанияның бұл әрекетін халықаралық заңдарды бұзу деп қарастырады.

Ресей бұл айыптарды қабылдамай, мұндай мәселелерді қарастырудың АҚШ соттарының ісі емес екенін мәлімдеді.