Қытайда америкалық тауарлардың тарифы 25 пайызға өсті
Маусым 16, 2018 19:30 Asia/Almaty
Қытайдың Сауда министрлігі құны 50 млрд долларды құрайтын америкалық тауарларға 25 пайыздық жаңа кедендік тариф белгіленгенін хабарлады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қытайдың Сауда министрлігі сенбі күні: "Қытайдың америкалық тауарларға белгілеген тарифы АҚШ-тың 34 млрд долларды құрайтын ауылшаруышылық өнімдері мен 16 млрд долларды құрайтын теңіз өнімдеріне қатысты болады.
Қытайдың америкалық тауарларға белгілеген жаңа кедендік тарифы 2018 жылдың 6 шілдесінен бастап күшіне енеді",-деп мәлімдеді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп кеше, жұма күні Қытайдың 50 млрд долларды құрайтын тауарларын импорттауға 25 пайыздық кедендік тариф белгілегенін жариялады.
Тегтер