Армения президенті Иранмен екіжақты қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 18 Jun 2018 08:02:37 GMT )
Маусым 18, 2018 14:02 Asia/Almaty
  • Армения президенті Иранмен екіжақты қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады

Армения президенті Иранның Армениядағы елшісімен кездесуде Теһранмен әртүрлі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Армен Саркисян Сейіт Казем Саджадимен кездесуінде Иран мен Арменияның ежелден келе жатқан достық қатынастарына тоқталып: "Теһран мен Ереван қолда бар әлеуеттерін екіжақты ынтымақтастықтарды, әсіресе экономикалық салалар бойынша ынтымақтастықтарды нығайтып, оларды кеңейту мақсатында барынша пайдалануы тиіс",- деді.

Еревандағы Иранның елшісі Сейіт Казем Саджади де кездесуде Қазақстанның Астана қаласында Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында жеңілдік тарифтер туралы келісімге қол қойылуды екіжақты экономикалық қатынастарды арттырып, Армениядағы Моғри мен Ирандағы Арас еркін сауда аймақтарының белсенділіктерін арттыру үшін қолайлы мүмкіндік деп бағалады.