Қырғызстан Ауғанстандағы лаңкестердің күшеюіне алаңдаушылық білдіруде
Қырғызстаның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ-тың белсенділігін Еуразия Экономикалық Одағына елдер үшін шынайы қоқан-лоққы деп атады.
"Fars" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дамир Сағынбаев сейсенбі күні Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдердің лаңкестікке қарсы ұйымының Бішкекте өткен отырысында: "Қырғызстанның қауіпсіздік органдарының мәліметтері бойынша, халықаралық лаңкестік ТМД елдерінде тұрақсыздықты арттыру саласында шынайы бағдарламалар жасаған. Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтар сәтсіздікке ұшырағанымен, олардың мүшелері әлі әрекет етуде. Олар өздерінің лаңкестік әрекеттерін әлемнің басқа аймақтарында іске асырмақ",- деді.