Америкалық 72 прокурор Трамптың миграцияға қарсы саясаттарын сынады
Американың бұрынғы 72 прокуроры сол елдің Бас прокурорына хат жазып, Дональд Трамптың миграцияға қарсы саясаттарын сынады.
Business Insider сайтының мәліметі бойынша америкалық бұрынғы 72 прокурор өз елдерінің Бас прокурорына хат жазып, Трамптың шекараларда балаларды отбасыларынан бөлетін миграциялық саясатын тоқтатуды сұрады.
Америкалық прокурорлар дәрігерлердің бұдан бұрын балаларды отбасыларынан мәжбүрлі түрде бөлудің оларға психикалық тұрғыдан зардап келтіретінін, мұның Трамптың зиянды саясатын неғұрлым жылдам доғару үшін жеткілікті дәлел екенін ескерткенін жазды. Американың бұрынғы прокурорлары хатта отбасыларынан бөлініп жатқан балалардың жылағандары мен орталықтарда темір торларда отырған суреттері мен видеоларын көріп, жүректерінің ауырғанын жазды.