Түркия АҚШ-қа сауда соғысын бастады
Анкара АҚШ-тың бұл елге Түркиядан импортталатын тауарларға тарифтерді арттыруына білдірген реакциясында ҚХР мен Еуропа одағы секілді Вашингтонға қарсы сауда соғысын бастады.
Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекджи Анкараның осы бейсенбіден бастап болатқа бекіткен қосымша тарифтерге байланысты АҚШ-қа қарсы құны 266 миллион долларды құрайтын экономикалық қарымта әрекеттерді жүзеге асыратынын мәлімдеді.
Зейбекджи АҚШ-тың әлемнің түрлі елдеріне қарсы сауда-экономикалық соғысын ақылға қонбайтын әрі ауыртпалық тигізетін іс деп атап: "Анкараның Вашингтонға қарсы қарымта әрекеттері құны 266 миллион долларды құрайтын АҚШ-тан импортталатын әртүрлі тауарларды, соның ішінде автокөлік, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, мұнай-химия өнімдерін қамтиды",- деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл наурыз айында болат пен алюминийге қосымша 25 және 10 пайыздық тарифтердің бекітілетіні туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлемнің түрлі елдері тарапынан сынға алынып, сауда соғысына ұласты.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Түркия мен АҚШ арасындағы екіжақты сауда айналымының көлемі шамамен 19 миллиард долларды құраған. АҚШ биыл 328 миллион долларлық теңгерімсіздіктен пайда көрген.
Мұндай жағдайда сауда тарифтерін бекіту екі ел қарым-қатынасында сауданың болмауынан АҚШ-тың пайдасы қатты артып, бұл Түркияның АҚШ-пен тауар экспортына кедергі болады.
Дәл осы мәселе Түркияны АҚШ-қа қарсы ұқсас шара қолдануға итермеледі. Енді екі мемлекет арасындағы қатынастардағы жаңа текетірестердің, әсіресе Түркияға F-35 ұшақтарын сату мен сауда тарифтерін бекітуге байланысты қайшылықтардың пайда болуымен екі елдің өзара экономикалық қарым-қатынастарын сақтап қалу үшін қаншалықты талпыныс жасайтынын байқау керек.
Brookings институтының сарапшысы Аманда Слот: "Түркиядағы жеңіліс тапқан төңкеріс осы ел мен АҚШ қарым-қатынасындағы бетбұрысты кезең болды. Себебі, осы оқиғадан кейін Түркия мен АҚШ қарым-қатынасындағы аспектілердің басым бөлігі дағдарысқа ұшырады. Бұл дағдарыс күн сайын күрделене түсіп, уақыт өте келе маңызды мәселелерді де қамтиды",- деді.
Экспорт шығындарын арттыратын тариф бекіту екі елдің шағын импорттаушылары мен экспорттаушыларының басым бөлігі шығындардың артуына байланысты екі мемлекеттің нарығына деген қызығушылықтан айрылатын жағдайды тудырады. Бұл мәселе түркиялық кәсіпкердің Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің экспорттық және импорттық нарықтарына деген қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың келешегі қазіргі текетірестерге байланысты оң көкжиектің жоқ екендігін, алдағы айларда екі мемлекет арасындағы текетіреске жаңа жайттар қосылып, олардың ортақ сауда көлеміне теріс әсерін тигізетінін көрсетіп отыр.