Иранның "Ортақ қадам" келісімінде қалуы келісімнің басқа тараптарының әрекеттеріне байланысты
https://itolqyn.com/news/world-i37956
Иран СІМ Саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуын Еуропа елдері мен Ресей және ҚХР-ның әрекеттерімен байланыстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 23, 2018 15:28 Asia/Almaty
  • Иранның

Иран СІМ Саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуын Еуропа елдері мен Ресей және ҚХР-ның әрекеттерімен байланыстырды.

Ресей СІМ орынбасары Сергей Рябковпен кеңесу өткізу үшін Мәскеуге сапармен барған Сейіт Аббас Арақчи жұма күні ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "Ортақ қадамның" жағдайына байланысты айтқан сөзінде: "Иран "Ортақ қадамда" қалған басқа мүшелердің ИИР-ның "Ортақ қадамда" бекіткен мүдделерін қамтамасыз ете алатын, алмайтынын күтіп отыр",- деді.

Арақчи Иранның Еуропа елдерінен күтетіні Ресейден де күтіле ме деген сауалға берген жауапта Иран мен Ресейдің қарым-қатынастарын "Ортақ қадамнан" кеңірек деп бағалады.

Иран СІМ саяси істер жөніндегі орынбасары Мәскеудің "Ортақ қадамды" сақтап қалуға қатысты ұстанымының берік екендігін қуаттап: "Ресей әрқашан Иранның "Ортақ қадамдағы" талаптарының жүзеге асырылып, Теһранның мүдделеріне кепілдік беру керектігін баса айтып келеді",- деді.