Наразылар АҚШ-тың Сенат палатасын басып алды
АҚШ-тың жүздеген әлеуметтік белсенділері бейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың заңсыз мигранттарға қарсы саясатын сынап, ұрандар айтып, Сенат палатасының ғимаратын басып алды.
Басым бөлігін әйелдер құраған наразылар Вашингтондағы Сенаттың "Харт" ғимаратында жиналып, Трамптың саясаттарына қарсы ұрандар айтты.
Наразылардың осы шарасынан біраз өткен соң АҚШ полициясы іске кірісіп, 575 адамды қамауға алды. БҰҰ АҚШ-тың бұл әрекетін айыптап, балаларды ата-аналарының қимыл-әрекеттері үшін жазалайтын саясатқа қатты алаңдаушылық білдіретінін жариялады. БҰҰ-ның мамандары балаларды ата-аналарынан бөлудің оларға ауыр рухани соққы беретінін қуаттады.
АҚШ балалардың түбегейлі құқықтарын қолдау туралы халықаралық мәтінді бекітпеген жалғыз ел болып табылады.