Канада америкалық кейбір өнімдерге кедендік баж салды
(last modified Sat, 30 Jun 2018 17:00:52 GMT )
Маусым 30, 2018 23:00 Asia/Almaty
  • Канада америкалық кейбір өнімдерге кедендік баж салды

Канада қарымта әрекетте америкалық ондаған өнімге кедендік баж салығын салды.

«Франс» хабар агенттігінің Канада премьер-министрінің кеңсесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Оттава Американың Канадаға болат пен алюминийге кедендік баж салығын салуына реакция білдіріп, америкалық өнімдердің бірқатарына 12 млрд 600 млн долларлық кедендік баж салығын салғанын хабарлады.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Америка президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сұхбатта Американың 2018 жылдың маусым айының бірі күнгі болат пен алюминийге кедендік баж салығын салуымен күресте қарымта әрекетке барудан басқа таңдауы жоқ екенін мәлімдеді.

Канада Американың алюминий мен болатымен қатар кетчуп, апельсин шырыны, жел мен мотор қайықтары сияқты өнімдеріне де кедендік баж салығын салды.