Ирандық футболшы әлем чемпионатындағы Азияның ең үздік ойыншысы атанды
Азия футбол конфедерациясының (AFC) сауалнамасы бойынша, ирандық футболшы Мортеза Пурали Ганджи 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы Азия құрлығының ең үздік ойыншысы атанды.
ISNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Азия Футбол Конфедерациясы (AFC) Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатына қатысушы азиялық бес үздік ойыншыны іріктеп, өз веб-сайтының қолданушыларына құрлықтың ең үздік ойыншысына дауыс беруді сұраған. Нәтижесінде, Мортеза Пурали Ганджи дауыстардың 95 пайызын жинап, тізімнің басынан орын алып, AFC оның әлем чемпионатында ең үздік азиялық ойыншы атануын растады.
Мортеза Пурали Ганджи (Иран), Даниел Арзани (Аустралия), Чу Хен Ву (Оңтүстік Корея), Гаку Шибасаки (Жапония), Салман әл-Фарадж (Сауд Арабиясы) – AFC сарапшылары іріктеген футболшылардың қатарын құрайды.