Болтон: Трамп Иранды Сириядан шығару үшін Ресейден көмек сұрайды
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон жексенбі күні CBS арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуінде Мәскеуден Иранды Сирия жерінен шығаруға көмектесуді сұрайтынын айтты.
Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп шілденің он алтысы күні Финляндияның Хельсинки қаласында Путинмен кездеседі. Сирия мәселесі отырыста талқыланатын тақырыптардың бірі болады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Джон Болтон да Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху секілді өзінің қисынсыз уәжінде ИИР-ды лаңкестікке қолдау көрсетеді деп айыптап, Иранмен күресуде Мәскеудің Вашингтонмен әріптестік жасауы керектігін мәлімдеді.
Бұл Мәскеудің АҚШ пен сионистік режимнің уәждерін бірнеше рет теріске шығарып, Иран Сирияға лаңкестікпен күресте қолдау көрсетіп отырған жағдайда айтылды.