Ресей өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіруге қарсылық білдірді
(last modified Mon, 02 Jul 2018 09:46:27 GMT )
Шіл 02, 2018 15:46 Asia/Almaty
  • Ресей өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіруге қарсылық білдірді

Ресей президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Ресей елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге қарсылық білдірді.

Ресей СІМ-нің орынбасары әрі Ресей президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов жексенбі күні сионистік режимнің KAN арнасына берген сұхбатында Израиль мен Палестина қорытынды шешімге келмеген жағдайда Мәскеудің өз елшілігін Құдсқа көшірмейтінін айтты.

АҚШ үкіметі 2018 жылы 14 мамырда басып алынған жерлердегі елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшірген болатын. Халықаралық ережелерге қайшы бұл әрекет АҚШ-қа қарсы әлемдік деңгейде жаппай наразылық тудырды.