Америка Иранмен сауда байланыстарына кедергі келтіру үшін күш салуда
Америка Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы осы елдің Иранға қарсы әрекеттерінің жалғасында Вашингтонның Бейжіңнің Теһранмен сауда байланыстарын тоқтату үшін күш салып жатқанын хабарлады.
Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Американың Трамп үкіметінің халықаралық сахнада біржақты саясаттары салдарынан оқшаулығынан шығу талпыныстарының жалғасында осы елдің Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт америкалықтар Иран мұнайының ең үлкен сатып алушысы Қытаймен келіссөздер жүргізіп, Ираннан мұнай экспорттауды тоқтатуға көндіруге әрекет етіп жатқанын айтты.
Нойерт Иран президенті Хасан Руханидің Американың Иран мұнайы экспортына тосқауыл бола алмайтыны туралы сөздеріне реакция білдіріп, Иранның мұнай экспортын төмендетудің Американың мақсаты екендігі туралы уәж айтты.
Америка Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сонымен қатар ирандық дипломаттың Парижде «Монафеғин» тобының отырысына шабуыл жасауды мақсат етті деген айыппен құрықталуына сілтеме жасап, Вашингтонның Иранға қарсы уәждерін қайталады.
Бұл Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Иран басшылары алдын ала жоспарланған қастандықтың шынайы аспектілерін анықтау үшін тиісті құжаттар мен айғақтар ұсынуға, осы іс тұрғысында серіктестік жасауға әзір екенідігін қуаттаған жағдайда айтылды.