Американың бұрынғы әскериі Иран ұшағына шабуылдың қасақана жасалғанын мойындады
(last modified Thu, 05 Jul 2018 13:13:40 GMT )
Шіл 05, 2018 19:13 Asia/Almaty
  • Американың бұрынғы әскериі Иран ұшағына шабуылдың қасақана жасалғанын мойындады

Америка Армиясының бұрынғы офицері 1998 жылы Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына жасалған шабуылдың қасақана және осы елдің Америкамен соғысқа арандату мақсатында жасалғанын тағы мойындады.

Скотт Бент Американың Vincennes кемесінің Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына жасалған шабуылы мен оны құлатудың жылдығында жасаған мәлімдемесінде: «Шабуыл жазатайым болды деген уәждер мамандар мен жалпы халықтың ақылына жасалған қорлық. Әдейі жасалған шабуылға  Американың сол кездегі президентінің әкесі Джордж Буш тікелей жауапты» деп қуаттады.

Америка Армиясының бұрынғы офицері Джордж Буш – әкесі мен ұлын соғысқұмар, лайықсыз адамдар деп атады.

Шілденің үші – америкалық Vincennes кемесінің Иранның жолаушы тасымалдайтыын ұшағына 1998 жылы жасаған шабуылының жылдығы. Сол қорқынышты қылмыста 290 жолаушы мен экипаж мүшелері, соның ішінде 66 бейкүнә бала қайтыс болды.