Зариф: Еуроодақ ұсынған экономикалық пакеттерге қатысты Иранның жаңа талабы жоқ
(last modified Fri, 06 Jul 2018 14:46:14 GMT )
Шіл 06, 2018 20:46 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған елдердің Сыртқы істер министрлерінің ортақ отырысына қатысу үшін Венаға келіп түскен кезде Еуроодақтың ұсынылған экономикалық пакеттерге қатысты Ираннан жаңа талабы жоқ екенін қуаттап, "Еуроодақтың Ираннан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылық танытуды сұрайтынын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф "Жұма күні Еуроодақ Иранға экономикалық пакет ұсынады. Иран сол ұсыныстардан не күтеді?" деген сұраққа: "Иран еуропалық мемлекетердің ұсынған пакеті Иран халқының құқықтарын қамтамасыз етеді деп күтуде. Иран халқының құқықтары қамтамасыз етілгенге  дейін Иран аталмыш келісімге табанды қалады",- деп жауап берді.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының АҚШ шыққаннан кейінгі бірінші отырысы  бүгін, жұма күні Иран және "4+1" тобының (Германия, Франция, Британия, Қытай мен Ресей) Сыртқы істер министрлері және Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могеринидің қатысуымен Венада өтеді.

 

 

Тегтер